Аудан бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданында қызмет атқарып жүрген имам-молдаларға «Уағыз айтудың әдебі мен мәдениеті» жайлы семинар өткізді.
Семинар барысында Азамат Берікұлы имам-молдаларға уағыз айту барысында мән беру керек дүниелерді кеңінен түсіндіріп, халықпен етене араласып, уағыз-насихат жұмыстарын көбейтуді тапсырды. Сонымен қатар уағыз айтудың әдебін жан-жақты түсіндіріп берді. Уағыз айтылатын орындарға мән беріп, киім үлгісінен бастап, сөйлеу әдебі, әлеуметтік желідегі уағыз әдебінде сөз етті.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі