Меркі ауданына қарасты мешіттерде қызмет атқарып жатқан имам-молдалар Меркі тауының етегінде, табиғат аясында бас қосты.
Аудан имамдары табиғатпен тығыз байланыста болып, дем алу бағдарламаларын жиі ұйымдастырып жатыр. Бұл тек денеге ғана емес, сонымен бірге рухани тыныштық табуға да мүмкіндік береді.
Табиғат – Рухани тыныштық көзінің бірі. Ислам діні табиғатты аялауға, оны сақтауға және оның нығмет екенін түсінуге үнемі үндейді. Алла Тағала «Әли Имран» сүресінің 190 аятында: «Жер мен көктердің жаратылысында, түн мен күннің алмасуында ақыл иелері үшін белгілер бар» - деген. Имамдар үшін де табиғат ортасында уақыт өткізу – Алланың жаратылысына ой жүгірту, тереңірек түсіну, пікрлеу үшін тамаша мүмкіндік.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі