Меркі: Имамдар жиналысы өтті

Меркі: Имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Аудан  бас имамы Азамат Берікұлы Меркі ауданына қарасты имам-молдаларға кезекті жиналыс өткізді. Жиында алда атқарылатын іс-шаралар талқыланды.

Ауданның бас имамы Азамат Берікұлы ауыл имам-молдаларына облыстан берілген тапсырмаларды түсіндіріп, бірқатар жұмыстар жүктеді. Атап айтсақ: мешіт ауласын таза ұстау, белгіленген бағыттар бойынша жұмыс атқару, имам-молдалардың білімін жетілдіру мақсатында ислам институтына екі айлық оқуға бару, қызметке үлкен жауапкершілікпен белсенділік танытып жұмыс атқару тапсырылды.

Жиналған имам-молдалар аудан имамының сөзін қолдап, бірлесіп жұмыс атқаратындарын айтты.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: