Меркі: 40 жылдық түлектер ауылға тарту жасады

Меркі: 40 жылдық түлектер ауылға тарту жасады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Т.Рысқұлов ауылының 40 жыл бұрын білімнің қарашаңырағынан түлеп ұшқан 1968-жылғы азаматтары ауылға үлкен тарту жасап, қазақ үй алып берді.

Бұл — жай ғана үй емес, бірліктің белгісі, ұлттық рухтың ұйытқысы, ұрпаққа ұлағат болар іс. Қазақта "Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын" дейді. Ағаларымыз елін ұмытпай, туған жерге тағзым жасап отыр. Мұндай игі амал садақа жария болады — яғни, халыққа қызмет ететін, ұрпақтар игілігіне жарайтын сауапты іс.

Бұл қазақ үй — тойдың төрі, шешеннің мінбері, қонақтың құты болады. Бұл — бізге ата-бабамыздан аманат болып жеткен киелі шаңырақтың белгісі. Түлектердің осы жақсылығы кейінгі жастарға өнеге, елге — береке, ауылға — абырой болсын!

Алла Тағала осы іске атсалысқан барша түлектерге денсаулық, отбастарына амандық, кәсіптеріне береке берсін! Ізгі ниеттеріңіз қабыл болсын!

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: