ЖАМБЫЛ: ЖАМАҒАТ РАНТ МҮШЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ

ЖАМБЫЛ: ЖАМАҒАТ РАНТ МҮШЕСІМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінде РАНТ мүшесі, ұстаз Ғазиз Ахметпен кездесу өткізіліп, жамағатқа «Діни құндылықтар» тақырыбында уағыз айтты. Дін құндылықтарының діңгегі — бейбітшілік пен келісім. Өйткені, бейбіт өмір ғана дін адамына Жаратушының алдындағы пенделік міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Ал, зайырлы тұрғысынан қарасақ, бейбітшіліктің маңызы тіпті өлшеусіз. Дін ісі де, дүние ісі де бейбітшілік жағдайында ғана көгеріп, көктейді.

Осыны түйсіну өз кезегінде отансүйгіштік сезімдерге тәрбиелеп, елдік мұраттарға жетелейді. Себебі, тыныштық, тұрақтылық пен татулық тек заңдылыққа, тәртіпке, жүйеге негізделген біртұтас құрылым — мемлекет аясында ғана орнайды. Сондықтан да, исламда «Отанды сүю — иманнан» делінеді, дінге қызмет — елге қызмет деп бағаланады. Діннің рухани әлеуеті мен шынайы мазмұны адамзат өміріне терең рухани мағына дарытатын, оны өрениет шыңына жетелейтін осындай кең өрісті дүниетанымнан бастау алады.

Осыны дұрыс ескермей, діннің тек формалық жағынан мән беріп, мазмұнын назардан тыс қалдыру — дін туралы ұғымды шектеу, дін институтының аясын тарылту, оның өміршеңдігін, икемділігін қолдан құлдырату болып табылады. Сондықтан, діннің құндылықтары мен әлеуетін дұрыс бағалап, орнымен пайдалансақ, қоғамның рухани деңгейі де көтеріледі, зайырлылығымыз да өміршең бола түседі.

Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: