Тараз қалалық орталық «Әулие ата» мешітінде жазғы демалыс кезінде қыз балаларға арналған сауат ашу курсы өттілуде. Игі бастама жасөспірімдердің діни білімін тереңдетіп, тәрбиелік бағыттағы танымын кеңейтуге арналған.
Курс барысында шәкірттер Құран әліппесін оқып-үйреніп, намаз оқу тәртібімен, ислам әдебі мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірінен тағылымды деректермен танысуда. Сонымен қатар, күнделікті сабақтарда ұлттық тәрбиеге негізделген ойындар мен пайдалы танымдық шаралар да өткізіліп жатыр.
Ұстаздардың айтуынша, мұндай курстар қыз балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік беріп қана қоймай, олардың рухани және адамгершілік дамуына да зор ықпал етеді.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.