#Шу: Дін саласы мамандарына арналған семинар өтті

#Шу: Дін саласы мамандарына арналған семинар өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу ауданында дін саласындағы мамандар мен мешіт имамдарына арналған маңызды оқыту семинары өтті. Шараға Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, теолог Данияр Еркінұлы арнайы қатысты. Семинар «Дін және мәдениет қатынасы: зайырлы ел ұстанымы» тақырыбында ұйымдастырылды.

Іс-шара аудандық «AMANAT» партиясы филиалының мәжіліс залында өтті. Жиын барысында зайырлы қоғамдағы дін мен мәдениеттің өзара байланысы, қазіргі таңдағы діни үрдістер мен олардың қоғамға әсері кеңінен сөз болды.

Семинарда жат ағымдардың негізгі сипаттарын, олардың қоғамға төндіретін қауіп-қатерлерін нақты мысалдармен түсіндіріп, қазіргі мәдениет пен зайырлылық қағидаттары бойынша мазмұнды баяндама жасады.

Семинарға қатысушылар өзекті тақырыптар бойынша сұрақтар қойып, пікір алмасу арқылы кәсіби білімдерін арттырды. Мұндай шаралар өңірдегі діни тұрақтылықты нығайтып, дін мамандарының білім көкжиегін кеңейтуге сеп болмақ.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: