Тараз қаласындағы «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде жамағаттың жайлылығы мен мешіттің көркемдігін сақтау мақсатында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды. Бұл игі іс-шара мешіт имамы Амангелді Ембергеновтың бастамасымен жүзеге асты.
Тазалық жұмыстары барысында мешіт ішіндегі және ауладағы барлық аймақтар мұқият тазартылды. Сонымен қатар гүлдер мен көгалдарға күтім жасалып, жамағатқа қолайлы орта қалыптастыруға баса назар аударылды.
Тараз қалалық «Әулие ата» мешітінің баспасөз қызметі.