МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІ ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІ ЕМТИХАН ТАПСЫРДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«һибатулла Тарази»  медресесінің шәкірттері мемлекеттік емтихан тапсырды. Емтиханда Қазақстан діни басқармасының ресми өкілі Жанабай мырза мен Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, медресе ұстазы Мұрат Нұрлан төрағалық етті.

Емтихан барысында шәкірттер Құран жаттау, хадис, фиқһ, ақида және араб тілі пәндерінен білімдерін көрсетті. Әр шәкіртке жеке-жеке сұрақ қойылып, дайындық деңгейі жан-жақты тексерілді.

Комиссия мүшелері шәкірттердің діни білімге деген ынтасын жоғары бағалап, олардың болашақта еліміздің рухани дамуына сүбелі үлес қосатынына сенім білдірді. Сонымен қатар, Жамбыл облысының бас имамы Асқар Зәкіржанұлы шәкірттерге сәттілік тілеп, олардың ата-аналары мен ұстаздарына алғысын жеткізді.

Айта кетейік, «Һибатулла Тарази» медресесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты діни оқу орындарының бірі болып табылады. Медреседе шәкірттерге дәстүрлі ислам ілімдерімен қатар зайырлы пәндер де оқытылады.

 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: