ҚМДБ Жамбыл облысы бойынша Жастар ісі секторының өкілі Есет Тұрдыбайұлы «Зорлық-зомбылық көрген балаларға көмек көрсету» мекемесінде болып, жастармен кездесті.
Кездесудің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықтың алдын алу, оның рухани әрі психологиялық зияны туралы түсіндіру және салауатты өмір салты мен имандылыққа негізделген тәрбиенің маңызын насихаттау болды.
Өкіл жастармен ашық сұхбат құрып, дініміздің мейірім мен кешірімге, сабыр мен парасаттылыққа үндейтін қағидаларын түсіндірді. Сонымен қатар, түрлі сынақтарға сабырмен қарау, өз-өзіне деген сенімді жоғалтпау және дұрыс орта таңдаудың өмірлік маңызы жайында үлгі-өнеге айтып өтті.
Шара жас буынның бойына рухани иммунитет қалыптастыруға бағытталған тағылымды кездесу болды.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі