ҚМДБ жанындағы «Уақып» қайырымдылық қорының Жамбыл облысы бойынша өкілі Есет Тұрдыбайұлының ұйымдастыруымен жазасын өтеуші азаматтарға Құран Кәрім кітаптары сыйға тартылды.
Игі шара өңірдегі түзеу мекемелерінің бірінде өтіп, темір тордың ар жағындағыларға рухани қолдау көрсетуді мақсат етті. Қасиетті Құран – пендені тура жолға бастайтын Алланың сөзі. Оны оқу – жүрекке тыныштық, санаға сәуле, жанға медет береді.
Бұл — ҚМДБ мен «Уақып» қорының ел ішіндегі рухани және тәрбиелік бағыттағы қызметтерінің бір бөлігі ғана. Жазасын өтеуші азаматтардың да діни білім алып, Құранмен сусындауына жағдай жасау – имандылыққа үндейтін ізгі амал.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі