Жаммбыл аудандық орталық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешітке жиналған жамағатқа «пәтуа сағатын» өткізді. Қоғамда пәтуаның орны және маңыздылығы жайында кеңінен тақырып қозғалды. Пәтуа сағатына арнайы дәріс оқып, жамағаттың сұрақтарына жауап берді. Шынында да, діни үкімдерді кез келген адамнан сұрау дұрыс емес. Мұның да өзіндік тәртіп пен қағидалары бар. Әуелі, пәтуа ілімді, тақуа және әділетті адамнан сұралады.
Бұл туралы Ханафи мазһабының атақты фақиһ ғұламасы Ибн Абидийн өзінің «Раддул Мухтар» атты кітабында: «Пәтуа ілімді кісілердің ішінен ижтиһад (діни мәселе бойынша үкім айта білетін) және әділетпен танылған, сондай-ақ халық арасында беделді де, абыройлы кісіден сұралады. Егер онда ижтиһад пен әділеттің бірі табылмаса, ол кісіден пәтуа сұрау дұрыс емес», – деген.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі