Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінің наиб имамы Азамат Балхожаев мешіт жамағатына «Дін мен дәстүр» кітабын таныстырды. ҚМДБ- ның дін мен дәстүр сабақтастығын ұдайы насихаттау бағытында қолға алған жобаларының бірі «Дін мен дәстүр» кітабын шығару болатын. Бұл көптен бері көкейде жүрген игі іс еді. Қазіргі таңда «Дін мен дәстүр» кітабының үш бөлімі жарық көрді.
Еңбекте асыл дініміз Ислам мен ғасырлар бойы халқымыздың тұрмыстық ғұрпында қалыптасқан салт-дәстүрлеріміз жан-жақты қамтылды. Айта кетсек, еңбекте халқымызда қалыптасқан тыйымдар мен дәстүрлердің діни негізі сараланған. Кітап дін саласы мен халқымыздың салт-дәстүрлерін зерттеуші мамандарға, мәдениеттанушыларға, сондай-ақ жалпы оқырман қауымға арналады.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі