Айшабибі ауылы «Айшабибі» мешітінің имамы Қатарбай Таджибаев, мешіт жамағатына «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбы бойынша үгіт- насихат айтты. Дін адамзат тарихында ізгіліктің құралы. Технология мен ғылым дамыған кезде діни экстремизм деген ұғым жиі қолданылуда.
Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, қазақты қазақ етіп көрсететін салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халық арасында араздық, тасбауырлық тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс істеп жатқандығы – осының дәлелі. Сонымен қатар, көптеген діни ағымдардың пайда болуына байланысты, қоғамда кері саяси ұғымдардың пайда болуы, адамның сана сезімін улайтын, әлемдік діндердің атын жамылып теріс бағыт беретін діни секталардың экстремалды түрде қаптауы халыққа залалын тигізуде. Терроризмге және экстремизмге қарсы тұру – бұл әлемде құқық пен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды бағыты.
Жамбыл аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі