#Тараз: “Айсұлу ана” мешітінде “Пәтуа сағаты” өткізілді

#Тараз: “Айсұлу ана” мешітінде “Пәтуа сағаты” өткізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“Айсұлу ана” мешітінде жамағатқа арналған кезекті “Пәтуа сағаты” өтті. Шара барысында күнделікті өмірде жиі туындайтын діни сұрақтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) ресми пәтуалары негізінде жауап берілді.

Жиында жамағат тарапынан қойылған:

– Малдың өті қосылған дәріні ішуге бола ма?

– Спирт қосылған дәрілерді қолдану шариғатта қалай бағаланады?

– Зейнетақы қорындағы ақшадан зекет беріле ме?

деген секілді өзекті мәселелер талқыланды.

Жиында қойылған мәселелердің барлығы Құран, сүннет және заманауи шариғи үкімдер негізінде түсіндіріліп, жамағаттың көкейіндегі күмәнді сұрақтарға нақты, дін талаптарына сай жауаптар ұсынылды.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: