Бегалы ата мешітінде құптан намазы алдында жамағатқа арнап “Дін мен дәстүр сабақтастығы” тақырыбында тағылымды уағыз жүргізілді. Насихатты мешіттің имамы Уали Ахметжанов өткізді.
Уағыз барысында имам дін мен дәстүрдің бір-біріне қайшы емес, қайта үндесіп, бір-бірін толықтырып тұратынын түсіндірді. Қазақ халқының салт-дәстүріндегі үлкенге құрмет, кішіге ізет, тектілік пен инабаттылық секілді қасиеттердің Ислам құндылықтарымен сабақтас екеніне тоқталды.
Жамағат уағызды қызығушылықпен тыңдап, тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, рухани ой түйді.
Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.