#Тараз: Сұлутөр ауылдық мешітінде Ұлы Отан соғысы құрбандарына Құран бағышталды

#Тараз: Сұлутөр ауылдық мешітінде Ұлы Отан соғысы құрбандарына Құран бағышталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сұлутөр ауылдық мешітінде тағылымды шара өтті. Мешіт жамағаты мен жергілікті тұрғындар Ұлы Отан соғысы қаза тапқан ардагерлердің рухына арнап Құран оқып, дұға жасады.

Игі шара ел үшін жанын қиған ерлердің ерлігіне тағзым ету, олардың есімін ұмытпай, жас ұрпаққа өнеге ету мақсатында ұйымдастырылды. Қасиетті Құран аяттары оқылып, елінің амандығы үшін шейіт болған боздақтардың рухына бағышталды.

Жергілікті мешіт имамы шараның маңыздылығын атап өтіп, мұндай дұғалар – рухани сабақтастықты сақтаудың және өткенге құрмет көрсетудің көрінісі екенін жеткізді.

Сұлутөр ауылдық мешітіндегі бұл игі бастама – ұрпақтың ата-баба аманатына адалдығы мен рухани тәрбиенің жалғасуының жарқын үлгісі.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)