“Ар-Рахман Ар-Рахим” мешітінде техникалық жаңарту жұмыстары жүргізілді. Жақында мешіттің дыбыс күшейткіш құрылғылары толықтай жаңартылып, жамағатқа қолайлы жағдай жасалды.
Жаңартылған дыбыс жүйесі уағыз-насихат, құран оқылымы және намаз кезінде имамның сөзін анық әрі сапалы жеткізуге мүмкіндік береді.
Мешіт ұжымы бұл игі іске үлес қосқан барлық жомарт жандарға алғыс білдіріп, жаңартылған жүйенің рухани іс-шараларға серпін беретініне сенім білдіруде.
Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.