#Тараз: “Ар-Рахман Ар-Рахим” мешітінде мұқтаж жандарға арнап қайырымдылық асы берілді

#Тараз: “Ар-Рахман Ар-Рахим” мешітінде мұқтаж жандарға арнап қайырымдылық асы берілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

“Ар-Рахман Ар-Рахим” мешітінде қайырымдылық мақсатында игі шара өтті. Жетімдер, жесірлер және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға арналып кең дастарқан жайылып, ас берілді.

Мешіт имамы Амангелді Ембергеновтың  ұйымдастыруымен бұл шара — Исламдағы мейірімділік пен жомарттық құндылықтарын насихаттаудың жарқын үлгісі. Игі дастархан басында мұқтаж жандар құрметпен қарсы алынып, оларға рухани насихат айтылып, дұға жасалды.

Мешіт жамағаты мен демеушілердің қолдауымен өткен шара көпшіліктің ризашылығына бөленді.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)