“Айсұлу ана” мешітінде құптан намазы алдында жамағатқа рухани насихат айтылып, маңызды уағыз өтті. Жиынды аталмыш мешіттің имамы Сәкен Сейдикаримов жүргізіп, «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тағылымды дәріс орын алды.
Уағыз барысында имам отбасы — қоғамның іргетасы екенін атап өтіп, ер мен әйелдің, ата-ана мен баланың арақатынасы, өзара сыйластық, сабыр мен мейірім жайында айтты.
“Алла Тағаланың бұл өмірде адам баласына берген үлкен нығметінің бірі – шаңырақ көтеріп, отбасылы болу. Отбасын құру – барлық пайғамбардың сүннеті.” – дейді имам өз сөзінде.
Жамағат тарапынан ерекше ықыласпен қабылданған бұл уағыз көпшіліктің жүрегіне ой салып, отбасындағы жауапкершілік пен рухани құндылықтарға деген көзқарасты тереңдете түсті.
Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.