Масаншы ауылы «Имам Ағзам» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Карамсаков Данияр жұма уағызын жүргізді. Қонақты мешіт имамы Хусар Дау жиналған жамағатқа таныстырды. Жоғары білімді ұстаз зікір және зікірдің пайдасы тақырыбында сөз қозғады.
Алла Тағала қасиетті Құранның «Ахзаб» сүресі, 41-аятында: «Уа, иман келтіргендер! Алланы өте көп еске алыңдар!» – деп айтқан.
Уағыз соңы медресенің тыныс-тіршілігімен таныстырып, ұл-қыздарымызды дінін жоғары дәрежеде үйрену үшін медресеге берулерін насихаттады.
Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі