#Тараз: “Әзрет Әли” мешітінде “Имани жаз - 2025” діни сауат ашу курсы жүргізілуде

#Тараз: “Әзрет Әли” мешітінде “Имани жаз - 2025” діни сауат ашу курсы жүргізілуде

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласы, “Әзрет Әли” мешітінде дәстүрлі “Имани жаз - 2025” атты жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Діни тәлімді мешіт ұстазы Алтынай Қыдырбай жүргізуде.

Балалардың жазғы демалысын тиімді әрі рухани пайдалы өткізуге бағытталған бұл жоба аясында қатысушыларға ислам дінінің негіздері, Құран әліппесі, дұғалар мен Пайғамбар (с.ғ.с.) өмірбаяны оқытылуда. Сонымен қатар, балаларға ұлттық құндылықтарды насихаттау, жақсы мінез-құлық, ата-анаға құрмет, Отанды сүю секілді тақырыптарда тәлімдік әңгімелер айтылып, түрлі тәрбиелік ойындар ойнатылуда.

Мешіт жанынан ұйымдастырылған бұл игі шара ата-аналар тарапынан жылы қабылданып, балалардың қызығушылығын арттырып отыр. Иман мен білім ұштасқан бұл бастама өскелең ұрпақтың рухани дамуына жол ашатын маңызды алаң.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: