ҚОРДАЙ: Медресе ұстазы "Рахман" мешітінде жұма уағызын жүргізді

ҚОРДАЙ: Медресе ұстазы "Рахман" мешітінде жұма уағызын жүргізді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауылы «Рахман» мешітінде «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстазы Тастанбеков Дархан жұма уағызын жүргізді. Қонақты мешіт имамы Нурмухамед Сабитұлы жиналған жамағатқа таныстырды. Жоғары білімді ұстаз зікір және зікірдің пайдасы тақырыбында сөз қозғады.

Алла Тағала қасиетті Құранның «Музаммил» сүресі, 8-аятында: «Раббыңның атын (үнемі) жадыңда ұстап, (күндіз-түні) аузыңнан тастамай зікір ет әрі Оған жан-тәніңмен бет бұр», – деп айтқан.  

Уағыз соңы медресенің тыныс-тіршілігімен таныстырып, ұл-қыздарымызды дінін жоғары дәрежеде үйрену үшін медресеге берулерін насихаттады.

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: