ҚОРДАЙ: Айлық дастарқан болып өтті

ҚОРДАЙ: Айлық дастарқан болып өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауылдық мешітінде кезекті айлық дастарқан болып өтті. Жамағатқа насихатын айтсын деп «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің ұстаздары арнайы шақырылды. Ауданға ұстаздар медресені насихаттап, болашақ дін қызметкері болып жетілетін шәкіртттерді оқуға тарту мақсатымен келген болатын.

Аудан бас имамы Алмуханбет Айтмуханұлы қонақтарды таныстырып, сөз кезегін ұстаздарға ұсынды. Насихат сұраған жамағатқа медресе директорының орынбасары Әмиреев Бахтияр ұстаз сөз бастап, бір-бірін тек Алла разылығы үшін жақсы көрген жамағаттың артықшылығын айрықша атап өтті. Сөз кезегін алған жоғары білімді Боханов Ерболат ұстаз бірлікте болудың маңыздылығын насихаттады.

Дастарқан қонақ ұстаздардың ақ батасымен өз мәресіне жетті!

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: