Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің Ұстазы Айгерім Шынали «Имани жаз – 2025» діни сауат ашу курсының шәкірттерінен емтихан алды. Курс шәкірттері фиқһ, құран және тәжуид сабақтарынан емтихан тапсырды.
Емтихан билет таңдап, билетте келген сұрақтарға ауызша және жазбаша жауап беру арқылы өтті. Емтихан арқылы мешіт шәкірттерінің діни білім деңгейін көтеру, курс оқудағы жауапкершілікті сезіну және алған білімді бойға сіңдіріп өмірде қолдану болатын.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі