Қоғамдық үйлесім мен діни құндылықтарды біріктіретін тамаша іс-шара өткізілді. Т.Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің алаңында өткен арқан тарту жарысы мешіт жамағаты арасындағы бірлік рухын нығайтуға үлкен үлес қосты.
Жарысқа мешіт жамағаты, ауыл жастары және жергілікті тұрғындар белсенді қатысты. Арқан тарту - бұл тек күш сынасы ғана емес, командалық жұмыс пен ынтымақтастықтың айқын көрінісі. Жарыс барысында әр команда мүшелері бір-біріне қолдау көрсетіп ауызбіршіліктің тамаша үлгісін көрсетті.
Жарыс барысында топ жарып, жеіске жеткен топқа жүлделі сыйлықтар табыс етілді.
Бұл іс-шара қоғамдағы жақсы әдеттерді насихаттау, жастарды спортпен айналысуға жігерлендіру мақсатында өткізілді. Мейірбандылық пен бірлік рухында өткен мұндай іс-шаралар болашақта да жалғасын табады.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі