Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің наиб имамы Пирназаров Бауыржан мешітке жиналған жамағатқа «Құрбан шалудың үкімі» турасында сөз қозғады.
Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ендеше, Раббың үшін намаз оқы да, құрбан шал!» – деп бұйырды. Бұл жердегі бұйрық рай уәжіп (міндет) үкімін білдіреді. Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) міндеттелген нәрсе, үмметіне де – міндет. Өйткені ол (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметіне үлгі ретінде жіберілген
Ханафи фиқһ ғалымдары бұл бұйрықтың мұсылман үмбетіне де қатысты екенін айтып, құрбан шалуды уәжіп (міндетті құлшылық) ретінде қарастырған. Бұны Әбу Һұрайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын):
مَنْ وجدَ سَعَةً فلَم يُضَحِّ فلا يَقْرَبنَّ مُصَلاَّنا
«Жағдайы бола тұра құрбандық мал шалмаған кісі біздің мешітімізге жақындамасын», – деп қатаң ескерткен.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі