Меркі ауданы, Т.Рысқұлов ауылы «Жарас ата» мешітінің имамы Коктал Мадиярдың ұйымдастыруымен мешітке келген жас бүлдіршіндерге балмұздақ пен тәтті вата таратылды.
Күннің ыстық сәттерінде мешітке келген балаларға балмұздақ таратылғаны – бұл тәтті сыйлық қана емес, сонымен қатар жанға жай беретін қайырымдылық пен қоғамдық бірліктің көрінісі. Бұл іс-шара балалардың көңілін көтеріп, олардың діни ортаға деген қызығушылығын арттырады.
Көбінесе балаларға діни ұғымдарды түсіндіру қиын болады. Алайда, осындай жеңіл және қуанышты сәттер олардың мешітпен байланысын нығайтады. Балмұздақ тарату сияқты ізгі әрекеттер балалардың мешітке деген сезімін арттырып, оларды дінге жақындатады.
Мұндай іс-шаралар қоғамдағы жақсылықты көбейтуге ықпал етеді. Бір баланың күлкісі екіншісіне жұғады, ал үлкендердің қол ұшын беруі – болашақ үрім-бұтақтарға инвестиция. Бұл – тек балмұздақ емес, бір-бірімізге деген мейірімділіктің де символы. Осындай ізгі әрекеттер көбейіп, қоғамда мейірімділік пен бірлік орнасуына тілектеміз!
«Жақсылық – бұл күлкісін таратқан іс» – деген сөзбен, әрқашан жақсылық жасауға тырысайық
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі