Қоғамда діни сауаттылықты арттыру мақсатында «Ботбай баба» мешітінде фиқһ (ислам құқықтануы) бойынша дәрістер басталды. Бұл бастама ауыл тұрғындарының өсіп келе жатқан рухани сұранысын қанағаттандыруға бағытталған.
Дәрістер аптасына 2 рет сейсенбі және жұма күндері өткізіледі. Сабақтарды «Жүніс молда» мешітінің ұстазы Еламан Бақытханұлы жүргізеді. Негізгі дәріс барысында қамтылатын тақырыптар: Намаз оқу, ораза ұстау сияқты құлшылықтарды дұрыс орындау, күнделікті өмірдегі сұрақтарға шариғаттық жауап алу, жасөспірімдерге діни тәрбие беру әдістері.
Жамағаттың дәріске деген ынталары, қызығушылықтары күннен күнге артып келеді. Және де дәріс өткізіп жатқан ұстаздарына алғысы шексіз.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі