Меркі: «Имани жаз» діни сауат ашу лагері басталды

Меркі: «Имани жаз» діни сауат ашу лагері басталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жазғы демалыс уақытын тиімді әрі рухани мазмұнды өткізу мақсатында, "Жүніс молда" мешітінде 7-15 жас аралығындағы жас өрендерге арналған "Имани жаз" діни сауат ашу лагері өз жұмысын бастады. Биылғы лагерге 36 шәкірт қабылданып, олар Құран әліппесі, намаз оқу тәртібі, иман негіздері мен пайғамбарлар өмірі секілді тақырыптар бойынша білім алуда.

Бұл игі шараның мақсаты – жас буынның жүрегіне имандылықтың нұрын себу, ұлттық және діни құндылықтарға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, әрі мешітпен тығыз байланыс орнату. Шәкірттерге білікті ұстаздар дәріс беріп, ойын түріндегі рухани сабақтар мен тәрбиелік мәні зор іс-шаралар ұйымдастырылуда.

Лагерь барысында балаларға біліммен қатар, бос уақытты тиімді өткізу үшін түрлі танымдық ойындар, спорттық жарыстар мен ұжымдық серуендер де қарастырылған. Бұл – баланың тек діни сауатын ашумен қатар, тәртіпке, ұйымшылдыққа, өзара құрметке баулитын таптырмас орта.

"Жүніс молда" мешітінің ұжымы мен жамағаты шәкірттерге сәттілік тілеп, осындай тағылымды тәрбиелік жобалар жалғасын табарына сенім білдіреді.

Меркі аудандық «Меркі ата»  мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: