Мешіт қызметкерлері асыл дінімізбен қатар бабадан келе жатқан дәстүрді де әрқашан насихаттауда сол мақсатта мешіт имамдары жиі дәстүрлі спорттық іс-шаралар өткізуде.
Гір көтеру – қазақ халқының ерлік пен еңбекке тәрбиелейтін дәстүрлі спорт түрі. Оны мешіт алаңында ұйымдастыру – денсаулық пен имандылықтың үйлесетінін көрсетеді. Ислам діні денсаулыққа аса көңіл бөледі, сондықтан мұндай жарыстар дене шынықтыруды насихаттаумен бірге рухани тазалыққа да үндейді.
Жарыстың соңында үздік нәтиже көрсеткен спортшыларға сыйлықтар тапсырылды. Ал барлық қатысушылар мен көрермендер үшін ақ дастархан жайылып ас берілді
Денсаулық – бұл Алланың бізге берген аманаты. Пайғамбарымыз (Алланың салауаты мен сәлемі болсын): "Күшті мүмін әлсіз мүмінге қарағанда жақсы" - деген. Денсаулыққа көңіл бөлу – әрбір мұсылманның міндеті. Мешіттерде өткізілетін спорттық іс-шаралар – бұл діни тәрбиені денсаулықпен ұштастыратын тамаша бастама.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі