Қасиетті жұма күніне орай “Кәрібай молда” мешітінде «Имани жаз – 2025» діни сауат ашу курсының шәкірттері үшін ерекше сергіту шарасы ұйымдастырылды.
Балалар алдымен бассейнге барып, шомылып сергіп қайтты. Белсенді демалыстан кейін шәкірттер тамақтану орнына апарылып, дәмді ас ішіп, көтеріңкі көңіл күйде күндерін жалғастырды.
Шара балалардың қуанышына қуаныш қосып, жазғы діни курстың жарқын сәттерінің біріне айналды.
Шу аудандық “Жәми” мешітінің баспасөз қызметі.