Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының тапсырмасымен аудан және ауыл мешіттерінде ҚМДБ-ға қарасты «Уақып қоры» жайлы насихаттар айтылуда.
Осыған орай ауданға қарасты «Меркі ата», «Жүніс молда», «Қарабала Төре», «Жақсымбет», «Әл-Бақи» мешіттерінің имамдары мешітке жиналған жамағатқа «Уақып қоры» жайлы ақпарат беріп, уақыптың сарқылмайтын сауап екені жайлы, оның қоғамға пайдасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



03 Ақпан 2026
15 Шаабан 1447

