«МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА

«МҰНАРА» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТОБЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Республикалық «Мұнара» телеарнасының директоры Болат Көкенайұлы, бас продюсері Дәурен Құдайберген және бас режиссері Мүсілім Жұмағазыұлы Жамбыл облысына арнайы іссапармен келді.

Сапар барысында арна басшылығы өңірдің рухани тыныс-тіршілігімен танысып, шығармашылық байланыстарды нығайтуға басымдық берді. Олар ең алдымен ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлымен кездесіп, сұқбат алып, өңірдегі діни-ағартушылық жұмыстар жайлы пікір алмасты. Сонымен қатар, БАҚ саласының мамандарымен жүздесіп, «Мұнара» телеарнасының облыстағы өкілдігін жандандыру, қосымша штат ашу және кадрлық құрамды кеңейту мәселелерін талқылады.

Телеарна ұжымы сонымен қатар Тараз қаласының рухани жанашырларымен – батагөй ақсақалдар мен мешіттің көнекөз жамағаты болған әжелермен жүздесіп, сұқбат жазды. «Иманым жиғаным» және «Салиқалы сұқбат» бағдарламаларына арналған түсірілімдер жүргізілді.

Сапар аясында халал сертификаты бар кәсіпорындардың бірі араланып, оның тыныс-тіршілігі туралы бейнематериал әзірленді.

Бұл сапар өңірдің діни өмірі мен ақпараттық кеңістігін ұштастырып, елдің рухани-мәдени келбетін кең көлемде насихаттауға бағытталды.

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: