Меркі: Имамдар садақ ату сайысында бақ сынады

Меркі: Имамдар садақ ату сайысында бақ сынады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жуырда Меркі ауданының имамдары үшін табиғат аясында ұйымдастырылған демалыс күні ерекше көңілді әрі пайдалы өтті. Бұл шара рухани қызметте жүрген дін қызметкерлерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, ауызбіршілікті арттыру, әрі салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.

Табиғат аясындағы тынығу барысында қатысушылар әртүрлі спорттық ойындарға белсене атсалысты. Әсіресе, садақ ату сайысы үлкен қызығушылықпен өтті. Бұл ұлттық ойын имамдардың бойындағы мергендік пен сабырлылықты сынап, нағыз тартысты жарысқа ұласты.

Сайыс соңында ең жоғары нәтижеге қол жеткізген имамдарға арнайы жүлделі сыйлықтар табыс етілді. Бұл жүлделер қатысушылардың мерейін үстем етіп, олардың рухани серпіліс алуына себеп болды.

Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, діни қызметкерлердің рухани және дене дайындығын қатар дамытатын шараларға ұласа бермек.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: