Жамбыл облысы, Меркі ауданының имамдары қызметтік жауапкершіліктен бөлек, рухани әрі дене саулығын нығайту мақсатында табиғат аясында бір күндік демалыс ұйымдастырды.
Аудандық мешіттің бастамасымен өткен бұл демалыс күнінде дін қызметкерлері таулы аймаққа шығып, таза ауада серуендеп, ұлттық ойындар ойнап, ауызбіршілікті арттыруға бағытталған түрлі шаралар өткізді. Шара барысында табиғатпен үндескен тыныш ортада діни уағыз-насихаттар айтылып, бір-біріне рухани қолдау білдірудің маңызы сөз болды.
Аудан бас имамы бұл шараның мақсаты – дін қызметкерлерінің ішкі жан-дүниесін жаңғыртып, олардың қоғам алдындағы қызметіне серпін беру екенін атап өтті. Сонымен қатар, ұжым арасындағы бауырмалдық пен өзара сыйластықты күшейту де – мұндай жиындардың басты мақсатының бірі.
Меркі имамдарының бұл бастамасы дін мен табиғат үндестігін, рухани тәрбие мен адам жанының тыныштығын үйлестірудің тамаша үлгісі болды
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі