Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы Шахан ауылдық «Шахан» мешітінде ауыл тұрғындарымен кездесіп, «Отбасы баға жетпес байлық» тақырыбында насихат айтты.
Бақытбек Бауыржанұлы насихатында: «Отан – отбасынан басталады» демекші, отбасы – қоғамның ең маңызды құрылымы. Сондықтан Ислам отбасына көп көңіл бөледі. Исламда неке – екі жанның қасиетті бірлігі, сенімділіктің бастауы. Отбасында ең әуелі сенім мен сыйластық, сезім мен сүйіспеншілік болса, жұбайлар өмірінің шырайы артып, кездеспей қоймайтын тіршіліктің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп, қандай жағдайда болсын, босағасы берік болмақ», - деді.