БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

БАЙЗАҚ: АУЫЛ ИМАМДАРЫ ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

         Жамбыл облысы Байзақ аудандық «Байзақ баба» мешітінің наиб имамы Бақытбек Бауыржанұлы «Ислам дініндегі отбасы» тақырыбында дәріс оқыды.

         Дәріс барысында наиб имамы: «Алла Тағала қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 187-аятында: «Олар сендер үшін киім, сендер олар үшін киімсіңдер» - деген. Киім адамды сырт көзден, суық пен желден қорғап, адамның кемшілігін жасырып тұратыны белгілі. Ер мен әйелді Алла Тағала бірін-бірі қорғап, кемшіліктерін жасыратын киімге теңеп отыр.

Осы орайда Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көптеген хадистерінде адамзат баласын адал некемен үйленуге, көбеюге, өсіп-өнуге шақырады. Мысалы, бір хадисінде: «Үйленіңдер, көбейіңдер. Қиямет күнінде өзге қауымдардың алдында сендердің көптіктеріңді мақтаныш етемін» деген. Қарап отырсақ, бұл хадистің астарында өте терең мән бар.

Бүгінгі жастар осы өсиетке мән берулері керек. Ал мына хадисте: «Мүмін ер мүмін әйелге ренжіп, ашуланбасын. Егер оның бір мінезін жақтырмаса, екінші бір мінезін ұнатуы мүмкін» деп насихат айтады Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болғай)», - деді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: