«Мазһап ұстану – діни бірліктің негізі» атты тақырыпта Жанат Әмірханқызының ұйымдастыруымен әйел жамағатына семинар өтті.
Жанат Әмірханқызы снминар барысында қатысушы әйел жамағатына: «Ислам тарихындағы мазһаптардың пайда болу себептері мен мәнін түсіндірді. Кәләм ілімінің шығуына алғашқы саяси алауыздықтар себеп болды. Сенім мен амалда түрлі ағымдар пайда болған тұста, ғұламалар халықты дұрыс жолға бағыттау үшін мазһаптар жүйесін қалыптастырды.
Біз амалда – Имам Ағзам Әбу Ханифа, ал сенімде – Имам Матуриди жолын ұстанамыз. Бұл қос ғұлама Құран мен сүннетті ақылмен ұштастырып, діни тұтастықты сақтауға жол ашты. Мазһаб – дінді түсінудің, сақтаудың және бейбіт өмір сүрудің сенімді жолы», - деді.