Қордай: Құрбан айт – ұлық мереке

Қордай: Құрбан айт – ұлық мереке

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Хаж" сүресі 32аятта: «Кім Алланың белгілерін ұлықтаса, шындығында ол жүректің  тақуалығынан»,– деген. «Құрбан» сөзі «жақын болу», «жақындық» деген мағыналарды білдіреді. Демек, Алланың ризашылығы үшін құрбандық шала отырып, мұсылман баласы жаратқан Иесіне жақындап, күнəларының кешірілуіне мүмкіндік алады.

  Ислам дінінің басты мерекесінің шежіресі сонау ерте заманнан бастау алады. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Құрбан айт» бағдарламасы балаларға арналған ойын алаңында болды.  Мерекені аналар мен кішкентай бүлдіршіндер арасында өткізіп, бұл мерекені қалай өткізу керектігі түсіндірілді.

Ойын-сауық кешенінде балалардың өздеріне, аналар мен балаларға арналған неше түрлі викториналық сұрақтар мен қызықты ойындар өткізілді.  Барлық   қатысушыларға   сыйлықтар  беріліп, керемет   көңіл - күй  сыйланды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: