Қордай: Құрбан айт құтты болсын

Қордай: Құрбан айт құтты болсын

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Құрбан айт»  мұсылман  жұртшылығының - ұлық мерекесі.  Қасиетті Құрбан айт мерекесі баршамызға мубарак болсын. Əрбір мұсылман бұл қасиетті күндерді асыға күтіп, айт намазын оқып, жағдайы келген адам құрбан шалып, айт мерекесімен өзгелерді құттықтап, қайырымды істер атқаруға тырысады.  

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, «Қордай ауылдық» мешіті ұстазы Жұлдыз Жұмабайқызының ұйымдастыруымен  «Құрбан айт құтты болсын»  атты жиын өтті. 

Шараға қатысқан қыздарымызға исламның бес шартының  бірі - қажылық рәсімдері жайлы айтылды.  Балалар  ребустар шешіп, ойындар ойнады.  Іс - қимылдар  арқылы  исламның  бес шартын игерді.  Баршамызға мейрам құтты болсын. Ұрпақтарымыз білімді, салихалы болсын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: