Қазақ халқы – кең пейілімен, қонақ жайлылығымен ерекшеленіп тұрады. Ол келген қонаққа риясыз көңілімен қатар, көл-көсір дастарханын жаяды деген сөз. Дастархан – қазақ халқы үшін ерекше қастерлі ас ішетін орын. Ұлық мейрам саналатын «Құрбан айтта» дастархан түрленіп, құрбандық асымен де толады.
Кеңшілікпен, дархандықпен конақ күту, құрметтеу дініміздің әдемі, баға жетпес көрінісі. Осындай өнегелі ұйымшыл ісімен көпшілікті таңқалдырған басқосу, Қордай ауданы әйел-қыздар жамағатының себебімен іске асты.
Ізгі шараға жұмылы жиналған аудан әжелер алқасының да еңбегі зор. Құрбан айт дастарханына жиналып, айттық дастарханнан ауыз тиіп, алғыс - рахметін айтқан жандарға Алланың нұры жаусын! Ізгі тілектері қабыл болсын!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі