Қордай: Құрбан айттық дастархан жайылды

Қордай: Құрбан айттық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақ   халқында  «ас - адамның  арқауы», - деп баға  берген. Сондықтан дастарханға да басқаша мән берген.  «Дастархан таза болмай, денсаулық болмайды» – деп есептеген. 

Дастархан - киелі зат, рухани дүниенің шынайы көрінісі,  береке - бірліктің басы,  туысты жақындатқан алтын арқауы, қонақжайлықтың белгісі, қазақ халқына ғана тән, ұлттық құндылығымыздың бірі болып саналады. Қордай ауданы «Сахаба» мешіті шәкірттерімен Құрбан айтқа ақ дастархан басында бас қосу өтті.  Айттық  дастарханнан дәм алып,  көркем насихаттар айтылды.

Қызықтырған сұрақтар қойылып, тұшымды жауап алынды. Мұсылмандардың мейрамы саналатын бұл күнде құттықтаулар жаудырып, сыйлықтар үлестіріліп, айттық дастарханды толтырып, керемет бас қосулар өткізу дәстүрге айналған. Баршамыздың отбасымызда қуаныштар таусылмасын!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: