Алла Елшісі (Оған Алланың салауатты мен игілігі болсын) айтқан: «Дін дегеніміз насихат», Сахабалар «Кімдер үшін насихат?» деп сұрағанда, «Алла және Елшісі, кітабы, мұсылман басшылар және бүкіл мұсылмандар үшін» деген жауап естіген.
Жамбыл облысы, Қордай ауданының Әжелер алқасы мүшелері мейрамға жиналған көпшілікке насихат айтты. Дініміздің ұлық мерекесін көпшілікпен өткізуге, өнегелі іске шақыру әрбір мұсылманның міндеті.
Ұлық мерекеге қатысқан қыз-келіншектерге, апа-әжелерге, балаларға алғыс білдіріп рахметін де ұмытпады. Көршілікпен көпшіл, берекелі молшыл, ұлттық құндылықпен діншіл саналы ұрпақ тәрбиелеуімізді Алла нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі