ҚОРДАЙ: Аудандық мешітке су жаңа кілем төселді

ҚОРДАЙ: Аудандық мешітке су жаңа кілем төселді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Аудандық орталық «Қордай» мешітіне су жаңа кілем төселді. Астыңғы қабатымен бірге жалпы көлемі 600 кв2 құрайтын мешітіміз көк түсті көркем кілеммен әсемделді. Демемуші ықпалымен Қордай ауылындағы «Рахман» және «Қордай ауылдық» мешіттеріне де бір уақытта бірегей түсті кілем төселді. Ынтымақ пен бірлігін көрсеткен ауыл жамағаты төсеу жұмыстары мен мешіт тазалығына ыждахатпен атсалысты.

Алла үйін безендіруге атсалысқан демеуші қауым мен жамағатқа Алла разы болғай! Жайылған жайнамазда оқыған әрбір намазханның сауабынан үлесін Жаратушы Жаббар Иеміз есе-есе қып бергей!

 

Аудандық «Қордай» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: