Жамбыл облысы, Шөлдала алқабында жергілікті тұрғындарға арнап салынған жаңа көпір халық игілігіне пайдалануға берілді. Игі істі «Ар Рахман Ар Рахим» мешітінің имамы Амангелді Ембергенов ұйымдастырды.
Көпірдің ашылу салтанатына ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып, көпшілікке уағыз-насихат айтып, ізгі амалдың сауабы жайлы түсіндірді. Шара барысында Құран оқылып, дұға жасалды.
Бұл игі іс Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қоры аясында жүзеге асты. Аталмыш көпір ауыл тұрғындарының қатынасына зор жеңілдік тудырып, тұрмыстық тіршілігін жеңілдетуге сеп болмақ.
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі