Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының ұйымдастыруымен жамағат арасында арқан тартыстан жарыс өткізілді.
Жарысқа Жамбыл облысы бойынша «дін мен дәстүр» бағытына жауапты Ғайырфулла имам арнайы қатысты.
Жарысқа жамағаттан жылдар бойынша бөлінген 6 команда қатысып, Фирдаус командасы жеңіске жетті. Жарыс жеңімпаздарына сыйлық ретінде діни кітаптар тарту етілді.
Қуаныш Түзелбеков
Рысқұлов аудандық мешіттің баспасөз қызметі