Полюстердегі намаз және ораза

Полюстердегі намаз және ораза

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әр мемлекеттiң намаз уақыттары сол мемлекеттiң экватордан ұзақтығы мен сол аймақтағы мезгiлдерге қарап ауысады.

67 дәрежедегі паралеллдің солтүстiгінде орналасқан суық өлкелерде күннің горизанталь қиғаштығы артқан кезде кешке көкжиек қараймай тұрып таң бозарады. Сондықтан Балтық теңiзiнiң солтүстiк аймағында жаз бойы түн болмайды. Сол үшін құптан мен таң намаздарының уақыттары да кірмейді.

Ханафи мазһабында уақыт намаздың шарты емес. Себеп болмаса намаз парыз болмайды. Сондықтан мұндай мемлекеттерде тұратын мұсылмандарға бұл екi намаз парыз болмайды. Оңтүстiк полюсте барлық аймақ теңiз болғандықтан мұндай мемлекет жоқ.

Шабан айының отызыншы түнi бір қалада жаңа туған ай көрiнiсiмен, бүкiл дүние мұсылмандарының оразаға бастаулары шарт. Күндiз көрiнген ай келесі түннiң айы болып саналады. (Полюске және айға барған мұсылман жолаушы үкiмiнде болмаса, бұл айда күндiз ораза тұтуы керек. Жиырма төрт сағаттан ұзақ болған күндерде оразаны сағатпен бастап сағатпен ашады. Яғни күндізі мұндай ұзын болмаған қалалардағы мұсылмандардың сағаты бойынша тұтады. Егер ораза тұта алмаса, күндізі ұзын болмаған жерге қайтқанда қазасын тұтады.)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: