#Тараз: Балалар күніне орай мешіттер қуаныш сыйлады

#Тараз: Балалар күніне орай мешіттер қуаныш сыйлады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1 маусым – Халықаралық балалар күніне орай, «Әл-Фирдаус» және «Әзрет Әли» мешіттерінің ұйымдастыруымен ерекше шара өтті. Мерекеге орай балаларға сыйлықтар мен тәттілер таратылып, қуанышқа толы көңіл күй сыйланды.

Игі шараға Жамбыл облысының бас имамы Асқар Сатылғанов және Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев арнайы қатысып, бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтады.

Олар өз сөздерінде балалардың тәрбиесіне, оларға рухани және адамгершілік құндылықтарды сіңірудің маңыздылығына тоқталды.

Бұл — имандылық пен қамқорлықтың үлгісі ретінде ұйымдастырылған сауапты шара болды. Шара соңында балалардың жүзінен қуаныш пен риясыз күлкі байқалды.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: