#Тараз: «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

#Тараз: «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қасиетті Құрбан айт мейрамына дайындық аясында «Ар-Рахман Ар-Рахим» мешітінде абаттандыру және тазалық жұмыстары жүргізілді. Игі істің мақсаты — жамағатты таза, жайлы ортада қарсы алу.

Атап айтқанда, мешіт аумағындағы шөптер шаптырылып, қураған тал бұтақтары тазартылды. Бұл жұмыстар жамағаттың белсенділігімен және мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Мешіт ұжымы тазалық – иманның жартысы екенін ескере отырып, алдағы айт мерекесін лайықты қарсы алуға барынша атсалысуда.

Тараз қалалық “Әулие-Ата” мешітінің баспасөз қызметі.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: